Ауғанстанның орталық бөлігіндегі Газни қаласында болған жарылыстан жеті полицей қаза тауып, тағы 15 қызметкер жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің TOLONews телеарнасына сілтеме жасап.
Қоғамдық қорғаныс күштері бөлімшесінің жанында мина қойылған көлік жарылған. Жарылыстан кейін бірден бөлімшеге шабуыл жасалған. Бірақ шабуылдаушылар көп ұзамай жойылды.
Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Тарик Ариан жарақат алғандар Кабулға тікұшақпен жеткізілгенін, олардың үшеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлады.
Әзірге ешқандай террористік топ шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.