Австралиядағы кейбір мемлекеттік шекаралар коронавирус індетіне байланысты жабылды. Бұл туралы BBC сайты хабарлайды.
Австралияда карантиннің бітуіне бір күн қалғанда үйден шыққан үшін азаматқа 3,5 мың доллар айыппұл салынды.
Австралияның Солтүстік территориясының полициясы бір күн бұрын оқшауланудан шыққысы келген адамға 5000 доллар (шамамен 3500 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды.
20 жастағы азамат ресми түрде шығарылу күніне бір күн қалғанда Дарвиндегі Ховард Спрингс карантиндік орталығынан кетуге тырысқан. Полиция оқиға орнында айыппұл салып, сол адамды қайтадан орталыққа жіберді.
Австралия коронавирустың екінші толқынын бақылауға алуға тырысуда, оның негізгі эпицентрі – елдің оңтүстік-шығысындағы Виктория штатында. Онда коронавирусқа байланысты 17 өлім туралы хабарланған. Бұл бүкіл пандемия кезіндегі ел үшін ең жоғары көрсеткіш.