Жаңалықтар

Қазақстанда 20-ға жуық кәсіпорын мектеп формасын тігеді

Ата-ана балаға сапалы мектеп формасын алу қажет

Жаңа оқу жылы жақындап келеді, тиісінше баланы мектепке дайындау шаралары басталмақ. Жаңа оқу жылына оқушылар мен олардың ата-аналары ғана емес, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары да белсенді дайындалуда. Дұрыс таңдалған мектеп формасы баланың денсаулығы мен жақсы көңіл-күйінің қалыптасуына ерекше әсер етеді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Ең алдымен мектеп формасы гигиеналық талаптарға сай болуы керек, яғни баланың денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс. Өз кезегінде ата-аналар бұл киімде бала 5-6 немесе одан да көп сағат өткізетінін есте ұстаған жөн, сол себепті ең алдымен, форма жасалған материалдың сапасына назар аудару керек.

Бүгінде Қазақстанда 20-ға жуық кәсіпорын мектеп формасын тігумен белсенді айналысады. Ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасын Алматы қаласының «Angelcher» ЖШС, «Сымбат» Сән Академиясы» ЖШС, «Семирамида» тігін фирмасы» ЖШС, «Қазлегпром-Алматы» ЖШС, «ALTEX» ЖШС, «КазСПО-N» ЖШС және «KazтеХ» ЖШС кәсіпорындары тігеді. Сондай-ақ, осы бағытта Солтүстік Қазақстан облысында «Lider PROF FASHION» ЖШС және Sens Fashion, Жамбыл облысында «Аленсия» ЖШС, Павлодар облысында «КазПрофБезопасность» ЖШС және Нұр-Сұлтан қаласында «Данмард» ЖШС жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, Түркістан облысында «GOLDENNOMAD» ЖШС Сайрам ауданының мектептерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Сарыағаш және Төлеби аудандарының оқу орындарымен келісімге қол жеткізілді.