Жаңалықтар

Қазақстанда туберкулездан болатын өлім 20%-ға дейін азайған

Елімізде биыл бала туу көрсеткішінің өсімі байқалады

Карантиннің 5 аптасында осы шілде айының басында ауруханалардың 60%-ы босады. Жан сақтау бөліміндегі орындар 58%-ға дейін босап отыр. Жедел жәрдемге хабарласу КВИ бойынша 68%-ға төмендеді. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жазылып шыққан науқастардың саны 73%-ға өсті. Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.

«Ауру түрлері мен өлім-жітім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда оң нәтижелі болып отыр, Қуаныштысы – бала туу көрсеткішінің өсімі де байқалып отыр және керісінші, нәрестелердің өлімі 13,3%-ға төмендеген. Тағы бір жағымды жаңалық, Қазақстанда туберкулездан болатын өлім 20%-ға дейін азайған», -деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.