Теңге бағамы неге төмендеді

Жарияланды
Теңге бағамының әлсіреуі мұнай бағасының төмендеуімен байланысты

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банікінің төрағасы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреп кеткенін түсіндірді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

«Дамушы елдер валюталарының әлсіреуі аясында теңгенің айырбастау бағамы ағымдағы жылғы шілдеден бастап ағымдағы жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша бір АҚШ доллары үшін 404,07 теңгеден 418,31 теңгеге дейін 3,5%-ға әлсіреді. Теңгенің әлсіреуі бір баррель үшін $40-тан жоғары деңгейде тіркелген мұнай бағасын белгілеумен тежеледі. 7 тамызда мұнай бағасы мұнай қорының төмендеуі және ОПЕК+ мәмілесінің сақталуы аясында бір баррель үшін $44,4 деңгейінде бекіді», – деді Досаев. 

Ол республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті бөлу мақсатында Ұлттық қор активтерін конвертациялау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату жөніндегі ұзартылған шаралар ұлттық валютаға ішкі қолдау көрсетілгенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз