Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская Литвада. Бұл туралы Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс Twitter-де хабарлайды.
Осыдан бір күн бұрын Тихановская штабы орталық сайлау комиссиясынан шыққаннан кейін Тихановскаямен телефон арқылы байланыса алмай отырғанын хабарлаған.
«Ол Литваға келді және қауіпсіз жерде» деп жазды сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс.