Бейруттегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Жарияланды
6 мыңнан астам адам жарақат алды

Ливан астанасы Бейруттегі жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 171 адамға жетті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан Ливанның Daily Star газетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 160-қа жуық адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. 6 мыңнан астам адам жарақат алып, 300 мың адам баспанасыз қалды. 
 

4 тамызда Бейрут теңіз портының базасында қатты жарылыс болды. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, жүздеген үйлерді, көліктерді қиратты, астананың көптеген аудандарында әйнектер сынды, кейбір ғимараттар толығымен қирады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 2014 жылы сақталған 2750 тонна аммиак нитратының жарылуы себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз