Семейде тері-былғары комбинаты қайта іске қосылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылғы 3 маусымында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ және Kusto Group компаниясының халықаралық тобына кіретін «Semey Tannery» ЖШС арасында Семей қаласындағы тері-былғары комбинатын кейіннен сатып алу құқығымен мүлікті жалға алу шартына қол қойылды.
Отандық инвестор Қазақстанда мал шаруашылығы жобаларын дамытудың жалпы стратегиясы шеңберінде комбинатқа қызығушылық танытып, ауыл шаруашылығы саласының жанама өнімі – ІҚМ терісін тұтынушыға айналады.
Инвестор 2 ай ішінде зауыттың аумағы мен жабдығын іске қосуға дайындады.
Комбинат негізгі қызмет түрі бойынша іске қосылды: ІҚМ терісін өңдеу, былғары өнімдерін өндіру және өткізу – wet blue хромды илеудің экспортқа бағытталған жартылай фабрикаты.
«Қазір комбинатта 60-тан астам адам жұмыс істейді, біз бұрын зауытта жұмыс істеген техникалық мамандар мен жергілікті шифер зауытының мамандарын тарттық. Болашақта комбинат қуаттылығының жүктелуіне қарай қызметкерлер саны артады, 200 адамға дейін тартуды жоспарлап отырмыз. Маусым-шілде айларында біз барлық қажетті жұмыстарды жүргіздік: кәрізді тазалау, нысанды күзету, барлық технологиялық жабдықтың жұмыс қабілеттілігін тексеру қамтамасыз етілді. Мысалы, кей жерде ішінара жөндеу қажет болды, шатыр, жұмысшылардың бөлмелері қалпына келтірілді, жұмысшылар үшін себезгілер жасалды. Бүгінгі таңда шикізат жеткізу партиясы алынды, іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргіздік, 3000 шаршы метрден астам дайын өнім – wet blue жартылай фабрикатының тәжірибелік партиясын шығардық», – деп хабарлады «Semey Tannery» ЖШС атқарушы директоры Руслан Бисенов.
Жоғары сапалы былғарыны хромды илеудің wet blue жартылай фабрикатын дайындау – бұл жоғары кәсіби көзқарас пен мамандандырылған білімді қажет ететін үш сатылы илеу процесі. Бұл өнім жоғары сападан басқа, беріктігімен, қолайлы өзіндік құнымен және сәйкесінше, материалдың төмен бағасымен ерекшеленеді.
Бұл жартылай фабрикатты жеңіл, жылы күртешелер, аяқ киім, аксессуарлар шығару үшін қолдануға болады: әр түрлі қалпақтар, белдіктер және т.б.
Комбинаттың қуаты жылына 1,7 млн. шаршы метрге дейін wet blue жартылай фабрикатын құрауы мүмкін. Жартылай фабрикаттарды өндіру технологиясында қолданылатын шикізат пен қажетті химиялық препараттарды жергілікті жеткізушілер жеткізеді, сонымен қатар ішінара Ресейден сатып алынады.
Қазіргі уақытта ҚИҚ проблемалық активтерді одан әрі іске қосу мақсатында оларды бәсекелес ортаға беру бойынша жұмыс жүргізуде.
2014 жылы проблемалық жоба ретінде тері-былғары комбинаты Қордың активтер қоржынына өтті, комбинаттың бұрынғы иесінің банкроттығына байланысты Қор комбинатты сақтау мақсатында 2019 жылғы 15 қарашадан бастап кәсіпорынның мүліктік кешенін балансқа ауыстыруға және инвестор тартылғанға дейін активті ұстау бойынша шығындарды көтеруге мәжбүр болды.
Қазіргі уақытта бұрынғы меншік иесі жоғарыда аталған шешімді сотта даулауда, бұл кешенді жаңғырту мақсатында инвесторға толық беру рәсіміне кедергі келтіреді.