Жаңалықтар

Ресей билігі вакцинаға қатысты сынға жауап берді

Путин бұл вакцинаны өзінің қызы алғандығын алға тартты

Ресейлік коронавирусқа қарсы  вакцинаның алғашқы препараттары  екі апта ішінде шығарылады, деді Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко. 

Ресей әлемде бірінші болып коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді, бірақ әлем елдері  бұл жайтқа  үлкен сынмен қарады. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Президент Владимир Путин Ресейлік вакцинаны тіркеу жайлы жариялады. Ол сонымен қатар, оның қыздарының біреуі вакцинаны алғандығын айтты.

 «Бүгін сапаны бақылау жүргізілуде. Екі аптаның ішінде дәрі-дәрмектің алғашқы препараттары шығарылып, қауіптілігі жоғары дәрігерлерді вакцинациялау үшін жеткізіледі», – деді Мурашко. 

Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі. Оның ішінде дәрігерлер де алады, деді министр.

 «Шетелдік әріптестер, ресейлік препараттың белгілі бір бәсекелестік артықшылықтарын сезініп,  негізсіз пікірлер білдіруде », – деді Мурашко.