«Менің шашым мінсіз болуы керек!» – деді жақында АҚШ президенті Дональд Трамп. Ол суды үнемдеудің кесірінен шашын дұрыс жуа алмағанына шағымданған. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.
Душты үнемді пайдалануды Обама бекітіп кеткен екен. Оның әкімшілігі Обама мұрасынан құтылуды және американдықтар үшін суды пайдалану лимитін алып тастауды ұсынды.
АҚШ Энергетика министрлігі душта судың шығынын есептеу әдісін өзгертуді ұсынды. Сонымен қатар, 30 жыл бұрын енгізілген, содан кейін президент Барак Обаманың басшылығымен нақтыланған шектеуді алып тастауды ресми түрде ұсынды.
1992 жылы заң бойынша (сол кездегі президент Джордж В. Буш) американдық душ басы минутына 2,5 галлон (9,5 литр) су өткізбеуі керек деген.
Бұл заң елге су мен энергияны үнемдеу мақсатында қабылданды.
Бір ай бұрын президент Трамп душта шашты дұрыс жуа алмайтынына шағымданған.