Алматыда 37 жастағы ер адам ғаламтор-дүкеннің кеңсесінен сейфті ұрлады, онда үлкен сомма – 16 миллион теңге болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскүнемнің қылмыстық жоспарды жүзеге асыруы үшін небары 10 минут уақыты кеткені анықталды.
» 1983 жылы туған М.есімді азамат таңғы бестерде кеңсенің алдыңғы есігінің құлпын сындырып, ішке кіріп, сол жерден кішкене өлшемді темір сейфті алып кеткен. Осы қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның қызметкерлері күдіктіні анықтады. Айтпақшы, бейнебақылау камералары бұл жолы жақсы көмек болды. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұрланған қаражатты сақтау орнын анықтауға бағытталған шаралар кешені жүргізілуде, олар кейіннен ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша қаралған қылмыстық іс материалдарына тіркеледі», – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.