Журналист Бейсен Құранбектің бейнесі Талдықорғандағы көпқабатты үйдің қабырғасына салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құдай қаласа «Жетісу« арнасының қапталындағы үйдің іргесінде Бейсен достың бейнесі жымиып тұратын болады!», – деп жазды Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы Facebook -тегі парақшасында.
Көрерменнің сүйіктісіне айналып, әр қазақтың жүрегіне мейірім ұялата білген журналистің бейнесін Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы салдыртып жатыр.