Жаңалықтар

Минскіде Александр Лукашенконы қолдауға арналған митинг өтіп жатыр

Олар «Беларуссияны құтқарайық» деген жазуы бар плакаттарды алып келді

Минскіде Александр Лукашенконы қолдауға арналған митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Мемлекет басшысының жақтастары Беларуссияның жалаулары мен «Беларуссияны құтқарайық» деген жазуы бар плакаттарды алып келді. Тәуелсіздік алаңына коммунистер де келді.

Алаң периметрі бойынша күшейтілген полиция бөлімшелері кезекшілік етеді.

Бұл Лукашенконы сайлаудан кейінгі және наразылықтар басталғаннан кейінгі алғашқы акция. 

9 тамызда Беларуссияда президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Александр Лукашенко жеңіске жетті. Дауыс берудің алдын-ала нәтижелері жарияланғаннан кейін, нәтижелерімен келіспейтіндердің наразылықтары мен митингілері басталып, бір аптаға созылды.

Бірнеше мың адам ұсталып, ондаған полиция қызметкерлері мен демонстранттар жарақат алды. Соңғы күндері көшедегі іс-шаралар қоғамдық тәртіпті бұзбай, бейбіт түрде өтті.

Лукашенканың басты қарсыласы Светлана Тихановская Литваға жергілікті биліктің қорғауымен кетуге мәжбүр болды. Екі баласы және оның штабының жетекшісі Мария Мороз онымен бірге.