Жаңалықтар

А.Цой: «Кәсіпкерлер арнайы порталда тіркелуі тиіс»

Санитарлық талаптарға сай екені туралы акті алуы шарт

Өткен аптада Үкімет  елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты, карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жоспарын бекітті.  Соған сәйкес 17 тамыздан бастап сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандары, автосалон, балаларға білім беру мекемелері және т. б. бірқатар бизнес объектілерінен  шектеулер алынды.

Бас санитарлық дәрігерінің14 тамыздағы № 47-ші қаулысына сәйкес, жұмысын қайта бастайтын кәсіпкер www.infokazakhstan.kz электрондық порталы арқылы тіркеуден өтуі тиіс.  Бұл кәсіпкерлік нысандардың санитарлық талапқа сәйкестігі жөнінде берілген актілерге мониторинг жүргізу үшін қажет.

Санитарлық талаптарға сәйкестігі жайлы актіні (әзірлік туралы акт) хабарлама түрінде алу үш қадамнан (сайтқа кіру, бас санитариялық дәрігердің қаулысын жүктеу, электрондық цифрлық қолтаңбамен танысуды куәландыру, әзірлік туралы акт алу) тұрады.  Рұқсат беру тәртібімен ашылатын нысандар үшін жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерге объектінің әзірлігін тексеру де қосылады. Сәйкестік актісі қағазға шығарылып, мониторингтік топ келгенде бірден көрінетіндей, кіреберісте немесе көрінетін жерге ілінуі керек. 

«Бизнестің санитарлық қауіпсіздік талаптарына барынша жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Өйткені бұл талаптар Кәсіпкерлер Палатасы базасында кеңінен талқылаудан өтіп, қабылданды. Айта кету керек, бизнестің жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, біз кәсіпкерлік қызмет түрлерінің 90 пайызына дейін хабарлама жасауға келістік.  Мұндай жағдайда бизнес санитарлық талаптарды қатаң сақтауға кепілдік береді. Тікелей тексеруші келмегенімен,  қоғамдық қадағалау, кез-келген келуші құқық бұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органдарға жібере алады. Мамыр айында карантин аяқталғаннан кейін болған жағдай бизнестің санитарлық талаптарды сақтауы өте маңызды екенін көрсетті, өйткені мұндай нысандарда халық көп жиналады», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Кәсіпкерлер арасында қойылған талаптың орынламауының алдын алу және анықтау үшін қоғамдық бақылау жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ www.infokazakhstan.kz сайты аясында санитарлық талаптардың бұзылуы туралы ақпаратты СЭС қызметіне жіберу мүмкіндігі бар.

«Кәсіпкерлік қызметті www.infokazakhstan.kz порталында тіркемей қайта бастау – бұл заң бұзу екенін ескерткім келеді.  Кәсіпкерлерді осы порталдың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын, ол қосымша құжат толтырудан босатады,  10 минут ішінде өтінім жіберуге мүмкіндік береді. Санитарлық қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтай отырып, біз бірге аурушаңдықты төмендету бойынша оң трендті сақтауға үлес қосамыз», – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

www.infokazakhstan.kz  электрондық платформасы өз жұмысын  14 тамыздан бастаған.  Бұл платформа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосылған. Әзірлеушілердің айтуынша, оның интерфейсі оңай әрі қарапайым, форманы толтыру небәрі 15 минут уақыт алады.  

Қазіргі кезде 17 мыңнан астам кәсіпкер порталға өтінім беріп үлгеріп, соның ішінде 9 444 кәсіпкер нысандарын іске қосуға рұқсат алды. Алғашқы өтінім порталдың жұмыс істеу уақытынан бір минут өтпестен Қарағандыдан түсті. Ресурсты Алматы облысы (2761 өтінім) және Алматы қаласының (2 401 өтінім)  бизнес-қауысдастығы анағұрлым белсенді қолдануда. 

Мәселен, портал қызметіне алңаш болып жүгінгендердің бірі –  «Dent Art plus» ЖШС директоры Наталья Осинина кәсіпкерлік қызметті жаңартуға дайындық актісін алған: 

«Өскемен қаласында тіс емдеу емханасының құрылтайшысымын. Бүгін мен қызметті қайта бастау үшін infokazakhstan.kz порталына тіркелдім. Барлық процедура 3 минут уақыт алды. Процедура өте қарапайым, қолжетімді. Баршаға порталдағы тіркеуден өтіп, қызметті бастауға рұқсат алуға кеңес беремін». 

Ал Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, Ақтөбедегі «Mama Boss» салонының директоры Мәдина Мұратова рәсімдеуге бес минут уақыт жұмсап, ертеңнен бастап клиенттерге есігін айқара ашады: 

«infokazakhstan.kz платформасы арқылы қызметімізді тіркедік, ертеңнен бастап жұмысқа кірісеміз. Жеке электронды цифрлық қолтаңбаны қолданып, тіркеуден өту оңай, қызмет түрін, барлық жұмыскерлерді тіркеп, жұмысқа рұқсат алдық. Демек біз, ертең заңды түрде жұмысқа кірісетініміз жайында хабарландыру бердік». 

Жұмыс бастауға көмектесетін www.infokazakhstan.kz сайтының функционалы кеңеюде, атап айтқанда жаңа айдарлар қосылып, кәсіпкерлер тізімі жаңартылған, сауда және ойын-сауық орталықтары, бизнес орталықтарды жалға алушылар, сондай-ақ базардағы жалға алушылар қосылды. 

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге кеңес беру үшін 1432 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді (қоңырау шалу тегін). Сонымен қатар t.me/infokazakhstan телеграм-канал іске қосылды, онда портал жұмысына қатысты соңғы жаңалықтар және бизнес өкілдеріне  пайдалы ақпарат жарияланады.