Жаңалықтар

TikTok АҚШ-тың деректерін Қытайға береді деген ақпаратты жоққа шығарды

Трамп бұған дейін TikTok әлеуметтік желісін айыптаған еді

TikTok әлеуметтік желісінің өкілдері АҚШ шенеуніктерінің әлеуметтік желі арқылы олардың деректерін  Қытай билігіне беретіндігі туралы шағымын жоққа шығарды, деп жазады New Straits Times.

 «ТiкТок ешқашан қолданушылар туралы деректерді Қытай үкіметімен бөліскен емес және сұралған жағдайда мұндай әрекетті жасамас еді», – делінген компания хабарламасында.

Әлеуметтік желі сонымен бірге Тiк Токтың Қытай үкіметімен байланысы туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ByteDance-тен АҚШ-тағы ТiкТок қосымшасына байланысты барлық активтерден бас тартуды талап еткен болатын.

Бұған дейін Трамп «қытай компаниялары құрған және иелік ететін мобильді қосымшалардың АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясатына және экономикасына қауіп төндіреді» деп, Тiк Токқа қарсы шаралар туралы жарлыққа қол қойды.