Алтын әлде күміс: екі құнды металға инвестиция салудың айырмашылығы қандай?

Жарияланды
Биыл екі активке де салған инвестиция табысты болды

Биыл әлемдегі ең танымал бағалы металдардың құны өсті. Алайда инвесторлар есте ұстауы тиіс  бірқатар айырмашылық бар.

Егер әлемдегі ең танымал бағалы металдарды қор нарығымен салыстырар болсақ, биыл алтын мен күмістің инвесторлары «тентек бұзақы» секілді. Алтын бағасын қадағалап,  ETF биржасында саудалайтын SPDR Gold Shares (GLD) инвестициялық қоры мен күміс құнын қадағалап отыратын 
iShares Silver Trust (SLV) қорының активтері бір жылда 34% және  57% пайызға өскен. Салыстырар болсақ, S&P 500 индексіне байланған SPDR S&P 500 (SPY) инвестициялық қоры бар-жоғы 4 пайыз өсім көрсеткен. 

Бұл металдардың ешқайсысы дивидент әкелмейді. Алайда, сіздің инвестициялық портфеліңізге қайсысы ең ыңғайлы екенін анықтап бертетін белгілі бір критерийлер бар. Немесе металдардың ешқайсысы инвестициялық саясатыңызға сай келмейтінін ұқтырады. 

5 полоса_silver-vs-gold-01-01.jpg

1.Өтімділік 

Нью-Йорктегі CPM Group компаниясының вице-президенті Рохит Саванттың пайымдауынша, алтын нарығы күміс нарығына қарағанда әлдеқайда өтімді. 2019 жылы алтын нарығы 24,5 трлн долларға бағаланған, бұл 4,4 трлн долларды құрайтын күміс нарығынан бес есе артық.  

«Салыстырмалы түрде қарасақ, күміс нарғының өтімділігі біршама төмен және тәуекелі де сәл-пәл жоғары»,– дейді Савант.

Жалпы, шағын ғана көлемде сауда-саттық жасағысы келетіндер үшін өтімділіктегі айырмашылық үлкен түйткіл бола қоймас. 

2.Құбылмалылық 

Күмістің құны көбінесе құбылуға бейім, яғни баға біресе көтеріліп, біресе түсіп тұрады. Ал бұндай сәтті трейдерлер бекер жібермейді. 

«Күмістің ең үлкен артықшылығы – құнының құбылмалығы»,– дейді Granite Shares компаниясының директоры Уильям Райнд.

Алайда бұл –тәуекелі де жоғары деген сөз. Пандемия шарықтау шегіне жеткен кезде алтынмен салыстырғанда күміс қатты құнсызданды. 

3. Әртараптандыру 

Инвесторлар өз протфеліне бұл металдарды негізінен акция мен облигация құнына байланбағаны үшін қосады. Бұл өз кезегінде жалпы портфельдегі тәуекелді төмендетеді. Осы ретте алтын сатып алудың мәні бар. 

«Күміс көбінесе іскерлік циклдарға байланған. Ал алтын ештеңеге байланбаған және ештеңемен өзара қатынасы жоқ», – дейді Райнд.

4. Сақтау құны 

Инвесторларға құны 1 млн доллар тұратын күмісті сақтау үшін дәл сол бағадағы алтынмен салыстырғанда үлкенірек қойма жалдауға тура келеді. Өйткені нарықтағы қазіргі баға бойынша 1 млн долларға  күмістің 41 118 унциясын, ал алтынның 505  унциясын сатып алуға болады. 

«Сақтау мен тасымалдау тұрғысына қарағанда, алтын – тиімді вариант»,– дейді Савант.

Дегенмен ETF немесе жарналық қор арқылы алтын мен күміс сатып алатын инвесторлар үшін бұл айырмашылық аса маңызды емес, әдетте қордың жылдық шығыны аз болады. Мысалы, жоғарыда аталған ETF-те алтын мен күміске жылдық шығын сәйкесінше 0,4% және 0,5% құрайды, бұл SPDR S&P 500-ге қарағанда әлдеқайда жоғары, оның шығыны 0,09% -дан аспайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз