Австралияда қар жауды
Жарияланды
Бұл соңғы 15 жыл ішінде алғаш рет болған құбылыс
Соңғы 15 жылда алғаш рет сирек кездесетін Антарктикалық циклон Австралияға соғып, елдің оңтүстік-шығыс аймағына қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа Оңтүстік Уэльстен басқа кейбір аймақтарда қатты жел соғып, температура орташа температурадан 10 ° C-қа дейін төмендеді. Ауа райының қолайсыздығы, әлі де болады деп күтілуде.
15 жылда алғаш рет теңіз деңгейінен 300 метр биіктікте кейбір аудандарда қар жауды. Бұл Австралияның таңғажайып елге айналуына әкелді.