Жаңалықтар

Австралияда қар жауды 

 Бұл соңғы 15 жыл ішінде алғаш рет болған құбылыс

Соңғы 15 жылда алғаш рет сирек кездесетін Антарктикалық циклон Австралияға соғып, елдің оңтүстік-шығыс аймағына қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Жаңа Оңтүстік Уэльстен басқа кейбір аймақтарда қатты жел соғып, температура орташа температурадан 10 ° C-қа дейін төмендеді. Ауа райының қолайсыздығы, әлі де болады деп күтілуде. 

15 жылда алғаш рет теңіз деңгейінен 300 метр биіктікте кейбір аудандарда қар жауды. Бұл Австралияның таңғажайып елге айналуына әкелді.