Жаңалықтар

Тимошенконың жағдайы ауыр

Ол коронавирус жұқтырды

 «Баткивщина» партиясының және Украина парламенттік фракциясының жетекшісі Юлия Тимошенко коронавирусты жұқтырды. Бұл туралы Интерфакс саясаткердің баспасөз хатшысы Марина Сорокаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Ия, өкінішке орай, бұл рас.  Тест сынағы Юлия Владимировнада COVID-19 бар екенін көрсетті. Жағдайы ауыр деп бағаланады. Температура 39-ға дейін көтерілді. Күрес! » – деп жазды Марина Сорока өзінің Facebook парақшасында.

Өткен жұмада Украина президенті Владимир Зеленский әйелі мен ұлы жаңа коронавируспен ауырып шыққандарын хабарлады.

Бұған дейін Зеленский елде COVID-19 екінші толқыны жақындап қалғанын ескертті.

Американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Украинада жаңа коронавирустың 107 379 жағдайы анықталған. 2313 адам қайтыс болды. Ел халқының саны 41,98 миллион адам. (2019)