Жаңалықтар

Бали жыл соңына дейін туристерді қабылдамайды

Индонезияда 155 мыңнан астам адам індетті жұқтырған

Индонезияның Бали аралы жыл соңына дейін шетелдік туристерді қабылдамайды деп мәлімдеді. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Бұған дейін танымал арал қыркүйек айында басқа елдерден қонақтарды қабылдай бастайды деп хабарланған болатын. Бірақ билік елде жаңа инфекциялардың көбеюіне байланысты бұл жоспардан бас тартуға шешім қабылдады.

Балиде пандемия басталғалы бері Ковид-19-ның 4576 жағдайы анықталды. 52 адам қайтыс болды. Ел бойынша 155 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індет 6759 адамның өмірін қиды. Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші.

 «Индонезиядағы жағдай шетелдік туристердің елге келуіне , оның ішінде Балиға келуіне шектеу қойылды», – деді арал әкімшілігінің басшысы Уэйн Костер.