Оксфорд вакцинасының тиімділігін анықтау үшін 50 мың адамды сынақтан өткізеді
Жарияланды
Вакцинаны Оксфорд университеті және AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы бірлесіп жасайды
Бүкіл әлем бойынша шамамен 50 мың адам Оксфорд университеті жасаған коронавирустық вакцинаны оның қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау үшін сынақтан өткізеді, дейді оны әзірлеушілердің бірі Эндрю Поллард BBC-ге.
Вакцинаны Оксфорд университеті және AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы бірлесіп жасайды.
Клиникалық сынақтар Ұлыбританиядағы 10 мың еріктіге, Бразилия мен Оңтүстік Африкадағы тағы 10 мың адамға өткізіледі. Әзірлеушілер АҚШ-тағы тестілеу үшін 30 мың еріктіні табады деп үміттенеді.