Бүкіл әлем бойынша шамамен 50 мың адам Оксфорд университеті жасаған коронавирустық вакцинаны оның қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау үшін сынақтан өткізеді, дейді оны әзірлеушілердің бірі Эндрю Поллард BBC-ге.
Вакцинаны Оксфорд университеті және AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы бірлесіп жасайды.
Клиникалық сынақтар Ұлыбританиядағы 10 мың еріктіге, Бразилия мен Оңтүстік Африкадағы тағы 10 мың адамға өткізіледі. Әзірлеушілер АҚШ-тағы тестілеу үшін 30 мың еріктіні табады деп үміттенеді.