Үндістанда бір күнде 76 мыңнан астам адам індет жұқтырған
Үндістан тәулігіне 76 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 60 мыңнан асты. Бұл көрсеткішке сәйкес әлемде төртінші орында. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Пандемия басталғаннан бері Үндістанда 3 миллионнан астам адам инфекцияны жұқтырды, ресми мәліметтерге сәйкес, небәрі 15 күн ішінде миллион жаңа жағдай анықталды.
Наурызда Үндістанда қатаң карантин енгізілгенде, эпидемияға бірінші болып қалалар шалдыққаны белгілі болды.
Қазір осындай көрініс байқалса да, мамандар коронавирустың шалғай елді мекендерге біртіндеп тарала бастағанын ескертеді. Мысалы, инфекцияның алғашқы жағдайы жақында Андаман аралдарында тұратын үнді тайпасында тіркелген.
Осыған қарамастан, Үндістан билігі инфекциядан кейін сауығып кеткен адамдардың жоғары пайызын көрсетіп, бұл Covid-19-қа қарсы күрестің сәттілігін көрсетеді деп мәлімдеді. Статистикаға сүйенсек, әрбір 100 жұқтырғандардың 76-сы сауығып, өлім-жітім 1,8% құрайды.