Ел экономикасы негізгі жеті бағытта дамиды

Жарияланды
Президент жолдау жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. 

«Экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс. Ұлттық табыстың өсуінен әлеуметтік лифтіні тиімді қолданып, пайданы тең бөлуге қоғамдық ұсыныстың өсуі оң шешімін табуы тиіс. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты 7 принципке негізделуі тиіс»,- деді Президент.

Елдің жаңа экономикалық бағыты жеті негізгі қағидаттан тұрады:

1.    Игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;
2.    Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;
3.    Адал бәсеке, кәсіпкерлердің жаңа буынына қажетті нарық қалыптастыру;
4.    Өндірісті арттырып, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; 
5.    Адам капиталын дамыту, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру;
6.    Жасыл экономиканы дамыту қоршаған ортаны қорғау; 
7.    Мемлекеттің нақты шешім қабылдап , қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету.

«Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу», – деді мемлекет басшысы.
 

 

Сондай-ақ оқыңыз