Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
«Экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс. Ұлттық табыстың өсуінен әлеуметтік лифтіні тиімді қолданып, пайданы тең бөлуге қоғамдық ұсыныстың өсуі оң шешімін табуы тиіс. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты 7 принципке негізделуі тиіс»,- деді Президент.
Елдің жаңа экономикалық бағыты жеті негізгі қағидаттан тұрады:
1. Игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;
2. Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;
3. Адал бәсеке, кәсіпкерлердің жаңа буынына қажетті нарық қалыптастыру;
4. Өндірісті арттырып, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту;
5. Адам капиталын дамыту, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру;
6. Жасыл экономиканы дамыту қоршаған ортаны қорғау;
7. Мемлекеттің нақты шешім қабылдап , қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету.«Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу», – деді мемлекет басшысы.