Пандемия шағын және орта бизнеске ауыр соққы болғаны рас. Төтенше жағдай кезінде жұмысы тоқтаған ШОБ-тың тірлігі тұралап қалды. Осы орайды Президент бүгінгі жолдауында шағын және орта бизнесті қосымша қолдау шараларын қолға алуды тапсырды:
«Шағын және орта кәсіпкерлікке қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен салаларында ШОБ-тың барлық несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені ЖЫЛДЫҚ 6%-ға дейін мемлекеттік субсидиямен қамтамасыз етуді тапсырамын.
Субсидиялау төтенше жағдай жарияланғаннан, яғни биылғы 16 наурызынан бастап 12 ай кезеңді қамтиды. Сонымен қатар мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектордың меншігіндені жылжымайтын мүлік нысандарын жалдау бойынша шағын және орта бизнестен төлемдерді алуды тоқтата тұруды тапсырамын».
Сонымпен қатар мемлекет басшысы бизнеске 40 түрлі салық пен алым салынатынын айта келе, Қасым-Жомарт Кемелұлы Салық кодексін қайта қарау керек деді.
«Бүгінде 40 түрлі салық пен алымдар салынады, әкімшіліктендіру қиындатылған әрі анық мәжбүрлеу сипатына ие. Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық палатасына, депутаттық корпусты тарта отырып, Салық көдексі және қосалқы заң актілеріне тексеруді жүргізуді тапсырамын. Мақсат – салықтық міндеттемелерді орындауды түбегейлі оңайлату және салықтар мен төлемдер санын азайту»,-мемлекет басшысы.
Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстың негізгі нәтижесі – 2025 жылға дейін оның ЖІӨ-дегі үлесін 35%-ға арттырып, жұмыспен қамтылғандарды – 4 млн адамға жеткізу болуы тиіс.
«Келесі жыл ішінде шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік құрылымдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіру – мемлекетке қарсы жасалған аса ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек», – деді Тоқаев.
Президент жыл соңына дейін квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына қолданылатын бірыңғай заңды әзірлеуді міндеттеді. Барлық реттелмелі сатып алулар барынша ашық әрі бірыңғай терезе арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
«Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл соңына дейін қазақстандық қамтуды арттыру бойынша нақты ұсыныстарды дайындайды», – деді мемлекет басшысы.