Жаңалықтар

38 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі құқық бұзды

Солтүстік Қазақстан облысында орын алған

СҚО-да жыл басынан ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері тарапынан жасалған 38 бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарының алдын алу, жолдардың жағдайын қадағалау, қала сыртындағы жолдарда сынып қалған автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсету. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. 

Облыста жол құрылысына ерекше назар аударылады. Асфальт төселген жолдар жүкті шамадан тыс артып алған көліктердің салмағына шыдамайды. Олар асфальтты бүлдіреді. Бұл барлық жол қозғалысының қатысушыларының қауіпсіздігіне әсерін тигізеді. 

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы жол бетінің тозуы және бұзылуы фактілерінің алдын алу бойынша СҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен өзара тығыз жұмыс жасайды. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың сөзінше, жыл басынан облыс жолдарында бірлескен 55 рейд өткізілді. Салмақ параметрлерінің 38 бұзушылығы анықталды. Барлық фактілер бойынша материалдар жинақталып, бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Талдау көрсеткендей, ауыр жүк көлік жүргізушілерінің тараптарынан ауыр салмақты автокөлік құралдарының салмақ параметрлерін сақтамай жүруі, жүк жөнелтушілердің салмақ параметрлерін асыруы, тасымалдаушының тауарлық-көліктік жүкқұжаттарының, жолдама парақтарының болмауы, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген көліктерді жолға шығару сияқты бұзушылықтарға жиі жол беріліп жатады. 

Бүгінгі күні облыста Есіл және Уәлиханов аудандарындағы жолдар проблемалы болып отыр, бұл жолдар арқылы қиыршық тас тиелген ауыр жүк көліктер, оның ішінде транзиттік көліктер көптеп жүреді. Жыл басынан Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 571-бабының 6-бөлігі (Жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша 42 іс қозғалды. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі атап кеткендей, Көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен жұмыс, жыл мезгілдеріне қарамастан, тұрақты түрде жүргізіліп келеді.