Еуропада балалар мектепке оралды

Жарияланды
Францияда 12,4 миллион бала сабағын бастады

Францияда жазғы екі айлық демалыстан кейін 12,4 миллион бала сабаққа оралады. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

«Қорықпаңыз!» – деген сөздермен Білім министрі Жан-Мишель Бланке студенттерге және олардың ата-аналарына жүгінді. 11 жастан асқан оқушылар мен мұғалімдер мектеп ғимаратында іште де, сыртта да маска киюі керек.

Жазда Францияда коронавируспен жаңа инфекциялар санының күрт өсуі тіркелді. Тек тамыз айында аурудың жалпы саны 50% өсіп, 281 мыңға жетті. Шілде айының соңында 188 мың болды.
 

Сондай-ақ оқыңыз