Жаңалықтар

Греция Ресей азаматтары үшін шекараны ашады 

7 қыркүйектен бастап 

Грекия билігі Ресей азаматтары үшін шекараны 7 қыркүйектен бастап ашуға шешім қабылдады. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Елдің үкіметтік газетінде жарияланған бұл жарлықта аптасына ең көп дегенде 500 ресейлікке Грекияға, тек Афины, Салоники және Ираклион (Крит аралы) әуежайлары арқылы әуе жолымен кіруге рұқсат етілетіні айтылған. Жарлық екі апта бойы – 21 қыркүйекке дейін күшінде болады.

Келушілерде коронавируске  тапсырған тест болуы қажет.

Грекиядағы әуежайлар 1 шілдеден бастап шетелден рейстер қабылдай бастады, бірақ Ресей кіруге рұқсат етілген елдер тізіміне енбеді.