Балалардағы диарея және құсу коронавирустың белгілері болуы мүмкін

Жарияланды
Ұлыбританияда індетті зерттеуге 1000  бала қатысты

Белфасттағы Квинс университетінің ғалымдары диарея, құсу және іштің ауыруын балалардағы коронавирустың белгілері қатарына қосуды ұсынады. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Ұлыбританиядағы ресми Covid-19 белгілерінің тізіміне қазір температура, жөтел, иіс пен дәмнің жоғалуы кіреді. Құрама Штаттарда диарея мен құсу қазірдің өзінде коронавирустық инфекцияның ықтимал белгілері тізіміне енген.

Университеттің зерттеуіне 1000 бала қатысты, олардың 68-інде Ковид-19 антиденелері бар екендігі анықталды. Болжам бойынша, бұл 68 баланың коронавирусы таяуда өткен. Оның ішінде 21 бала дене қызуы көтерілгенін, аздап бөлігі жөтелгенін айтты (дегенмен антиденелері жоқ балалардың көпшілігі жөтел туралы айтқан), ал 13-і диарея, құсу және іштің ауруы туралы хабарлады. Сонымен бірге, 68 баланың алтауы иіс пен дәмнің жоғалуы туралы айтты.

 

Сондай-ақ оқыңыз