Шымкенттен шыққан тікұшақ Атырау облысында жанып жатқан қамысты сөндірді

Жарияланды
Елді мекендерге қауіп жоқ

Шымкент қаласынан барған тікұшақ Атырау облысында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті. Бұл туралы ТЖК баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгін таңертең Шымкент қаласынан ұшып шыққан «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы Атырау облысында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласынан 30-40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Жану орны батпақты, өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатты. Осыған байланысты арнайы техника жете алмаған.

Өрт алаңы анықталуда, елді мекендерге қауіп жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз