Жаңалықтар

Жапонияда тайфун салдарынан 1,6 миллион адам қауіпсіз жерге көшірілуде

Дауылдан су тасуы мүмкін

Жапонияда Хайшен тайфунынан 1,6 миллион адам эвакуацияланып жатыр. Бұл туралы NHK хабарлайды.

Жапонияның оңтүстік-батысындағы алты облыстың тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Эвакуация дүйсенбі (жергілікті уақыт бойынша) таңғы 8: 30-дан бастап Фукуока, Сага, Нагасаки, Кумамото, Оита және Кагосима аймақтарда жарияланды. 11 префектураның алты миллионға жуық тұрғыны эвакуация жайлы ескерту алды.

РБК хабарлауынша, тайфун Кюсю аралына және Хонсю аралындағы Тугоку аймағының бір бөлігіне әсер етеді. Бұл тайфун аймақтарға қатты жауын-шашын әкеледі. Жапония билігі көшкін, өзендердің көтерілуі және су тасқыны туралы ескерту жасады. Кюсюде қазірдің өзінде 32 адам жарақат алды. Ал 500 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Ауа – райының қолайсыздығына байланысты дүйсенбі күні шамамен 580 ішкі рейс пен пойыз қозғалысы уақытша тоқтады.