Жаңалықтар

2020 жылдың жеті айында БЖЗҚ  246 356 алушыға төлем жасады

Жалпы сомасы 98,2 миллиард теңгеге

2020 жылдың жеті айында БЖЗҚ  246 356 алушыға төлем жасады. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның Telegram каналы хабарлады.

Тұтастай алғанда жалпы сомасы 98,2 миллиард теңгеге 1,2 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

– зейнеткерлік  жасқа толу бойынша төлемдер – 34,9 млрд теңге;
– сақтандыру ұйымдарына аударымдар –  24,3 млрд теңге;
– ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 19,9 млрд теңге;
– мұрагерлік бойынша төлемдер – 16,4 млрд теңге;
– жерлеуге берілетін төлемдер – 1,8 млрд теңге;
– мүгедектік бойынша төлемдер – 908,1 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 602 теңгені құрап,  ең жоғарғы ай сайынғы төлем  сомасы 506 980 теңге болды.