Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3 пайызға төмендеді

Жарияланды
Биылғы сегіз айдың қорытындысы осындай

Қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3 пайызға төмендеді. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. 

Министрлің айтуынша, есептік кезеңде тауар өндірісі 1,7 пайызға өссе, қызмет көрсету 6,1 пайызға қысқарған. Нәтижесінде, жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім 3,0%-ке төмендеді.

Сонымен бірге,  қызмет көрсету салаларында, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 4,3%, әкімшілік қызметтерді көрсету – 5,1, сауда – 10,5 және көлік қызметтері – 16,1%  қысқарған. 
Ал нақты секторда керісінше, біршама өсім байқалады.

«Өндіріс секторы салаларында, оның ішінде құрылыс – 6,5%, ауыл шаруашылығы – 4,9 және өңдеу өнеркәсібі – 3,3% өсім көрсетті»,– деді министр. 

Есепткі кезеңде автомобиль жасау 51,8%-ке, фармацевтика – 34,1, дайын металл бұйымдары – 18,8, қағаз өнімдері – 15,3 және жеңіл өнеркәсіп 11%-ке өсті. 

Жылдық инфляция 7,0%-ға дейін бәсеңдеді.
 
 

Сондай-ақ оқыңыз