Жаңалықтар

Ұлыбританияда жаңа инфекциялық жағдайлар күрт өсуде

Бұл елде тәулігіне 2,9 мыңнан астам адамда індет анықталуда

Ұлыбританияда соңғы екі күнде коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары күрт өсті. Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 2,9 мыңнан астам адамды құрады. Бұл мамыр айынан бергі ең жоғары өсім. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Жалпы елде 350 мыңнан астам жағдай анықталды, 41,5 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Ұлыбританияда шілде айының ортасына қарағанда төрт есе көп. Мектептердің, содан кейін университеттердің ашылуы жағдайды одан әрі ушықтырады деген қорқыныш бар.

Жаңа жағдайлардың көбеюі жастармен байланысты. Аурудың жартысына жуығы 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар.