Жаңалықтар

Коронавирус: Оксфорд университеті вакцина сынақтарын тоқтатады

Сынаққа қатысқан еріктінің ауырып қалуына байланысты

Оксфорд университеті және AstraZeneca еріктіге «белгісіз ауру» диагнозы қойылғаннан кейін Ковид-19 вакцинасының клиникалық сынақтарын уақытша тоқтатты. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

AstraZeneca мұндай вакцинаны  тоқтата тұру біреу ауырып қалған жағдайда қолданылатын шара деп мәлімдеді.

Әлемдегі ондаған ғылыми орталықтар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап табуға тырысуда. Осы уақытқа дейін табысқа деген үлкен үміт клиникалық сынақтардың үш кезеңінің екеуінен сәтті өткен Оксфорд университеті мен AstraZeneca вакцинасында болды.

Үшінші кезеңге Ұлыбританияда, АҚШ-та, Бразилияда және Оңтүстік Африкада шамамен 50 мың адам қатысады.