ЕҚДБ қыркүйек айында елімізде Green Economy Financing Facility бағдарламасын қолға алмақ. Соның арқасында жасыл технологиялар тек ірі кәсіпорындар ғана емес, кіші бизнеске, шағын шаруға да қолжетімді болмақ.
Іс жүзінде бұл – ҚР азаматтары жеке бизнеспен қатар, заманауи технологиялық шешімдерді ендіре отырып, үнемдеп қана қоймай, еңбек жағдайы мен тұрмыс жайлылығын арттыра алады деген сөз.
Қазақстан – ЕҚДБ жасыл экономиканы қолдау бағдарламасын енгізетін 27-і мемлекет, сондай-ақ бағдарлама COVID-19 пандемия кезіндегі қиын кезеңде жүзеге аспақ. Алайда, дәл қазір энерготиімді технологиялардың қандай нәтиже беріп, олардың бизнестегі бәсекені қалай күшейтіп және тұтастай алғанда ел экономикасына қандай елеулі әсер ететініне көз жеткізуге болады. Еуропадағы он үш мемлекет, соның ішінде Германия, Испания, Италия және Франция, COVID-19 салдарын еңсерудегі «Жасыл келісімнің» маңызды рөлі туралы мәлімдегені таң қаларлық емес. Бұл ЕО үшін – экономиканы ынталандыру және жұмыс орындарын құру, барлық сектор мен салаларды қамтитын жасыл экономикаға жедел көшуге негізделген жаңа өсу стратегиясы.
2004 жылдан бері GEEF бағдарламасы арқылы дүниежүзі бойынша жасыл экономикаға 4,6 миллиард еуро инвестиция салынып, экономиканың ондаған саласында 190 мың жоба іске асырылды.
Аталмыш бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде ауаға шығарылатын көмірқышқыл газы жылына 8,6 млн тоннаға дейін қысқарды. Осымен тоқтап қалмасы анық. GEFF бағдарламасы 27 мемлекетте ЕҚДБ қаржы серіктестерінен несие беру арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде бұндай серіктестердің қатары 145-ке жеткен. Қазақстанда бұл бағдарлама арқылы бірнеше мың жасыл технология қаржыландырылады деп жоспарланған. Бұл жобалар кәсіпорын мен тұрғын үйлердің энерготиімділігін арттыруға бағытталған. Нәтижесінде жылдық энергия тұтынуды 150 мың ГДж-ға, ауаға шығатын CO2 көлемін 40 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік бар.
GEFF бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында Қазақстанда тағы бір көрсеткіш – нарықтағы тиімді технологиялардың қатары артатын болады.
Біз Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына, әлемдік стандарт мен GEFF бағдарламасының өлшемдеріне сай келетін жергілікті және шетелдік жабдықтарды, материалдар мен технологияларды «Жасыл технологиялар селекторы» каталогына біріктірдік.
«Жасыл технологиялар селекторындағы» материалдар мен құрал-жабдықтарға GEFF арқылы қаржыландыру үшін қосымша келісім жасаудың қажеті жоқ.
Қазір Қазақстандағы «Жасыл технологиялар Селекторының» 15 негізгі санатында 2 800-ге жуық өнім бар. Ал энергиятиімді тауар өндірушілер мен жеткізушілер Қазақстандағы GEFF бағдарламасына қатыса алады. Қатысу үшін сайттағы каталогқа өз өніміңізді қосып, бағдарламаның қаржы серіктестері арқылы несие бойынша жабдық сатуды жолға қою керек. Өндірушілер мен жабдық жеткізушілер үшін GEFF бағдарламасына және «Жасыл технологиялар селекторына» қатысу тегін.
GEFF бағдарламасына қатысушылар қаржыландыру басталмас бұрын, бағдарлама инженерлерінен техникалық қолдауды тегін ала алады. Бағдарламада өңір бойынша шектеу жоқ, бұл өз кезегінде болашақ клиенттерді молынан қамтуға мүмкіндік береді.
GEFF бағдарламасы, сонымен қатар, Қазақстандағы жасыл технолоргияларды қаржыландыруда ер мен әйелге тең мүмкіндік жасауға бағытталған гендерлік теңдікті де қолдайды.
Айта кету керек, кейінгі жылдары Қазақстан жасыл технологияларды енгізу мен осы бағытта инвестиция тартуда қарышты қадам жасады. 2013-2019 жылдар аралығында Еуропа даму банкі Қазақстан Республикасындағы жасыл жобаларға 1,3 млрд еуро инвестиция салып, соның 364 миллионы жаңаратын энергия көздеріне қатысты жобаларға бөлінген.