Шал ақын ауданында ЖШС бірінде шарт бойынша жұмыс істейтін «МАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қырманнан 10 тоннадан астам бидайды тиеп шығарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа астыққа есеп жүргізу кезінде 800 мың теңге жетіспей шыққан, сондықтан ЖШС құрылтайшысы аудандық полицияға жүгінген. Полицейлер «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде бұл ұрлықтың бетін ашты. Жүргізуші бидайды шығарып, жасырын жерге төккенін және түнде алып кетіп, сатпақшы болғанын айтты. Егіс даласында төгілген астық үйінділері анықталып, қоймаға қайтарылды.
Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша енгізілді. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Уәлиханов ауданындағы механизатор шамалы жымқырған. Оның қылмыстық әрекеттері Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Ұсақ-түйек жымқыру» және «Ұрлық» бойынша енгізілді. Уәлиханов АПБ полицейлері оның жанар-жағармай және жаңа астықтың бірнеше ұрлығына қатысын анықтады.
Астық жинау науқаны барысында механизатор осындай тәсілмен де қосымша табыс таппақшы болған. Астық жинау науқаны басталғалы облыс аумағында 20 қылмыс тіркелді, оның ішінде жаңа астық ұрлығы – 12, жанар-жағармай ұрлаудың төрт фактісі, сондай-ақ гербицидтер мен ауыл шаруашылық техникасы бөлшектерінің ұрлықтары бар.