Түркияда коронавирусқа байланысы жалған ақпарат бергені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Бұл туралы Анадолы агеттігі хабарлады.
Түркияда коронавирустық инфекциямен (COVID-19) ауырған адамдар туралы жалған немесе толық емес ақпарат үшін айыппұл төлейді немесе 3 айдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Құжатқа сәйкес, азаматтардың белгілі бір санаты пациенттерді, әсіресе жеке сектордағы жұмысшыларды оқшаулаудың экономикалық салдарын болдырмас үшін, олардың байланыстары туралы ақпаратты полициядан және Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінен жасыруды жөн көреді.
Мұндай әрекеттер заңмен жазаланады және Түркияның Қылмыстық кодексінің 206-бабына сәйкес, 3 айдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе айыппұл төлеуді көздейді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Түркиядағы коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 308 069-ға жетті. Оның 270 000-нан астамы індеттен айықты.