Лондон орталығына мыңдаған адам «Біз келіспейміз!» деген ұранмен ереуілге шықты. Олар жаңадан енгізілген шектеу шараларына қарсы. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
Қала тұрғындары Лондон орталығы, Трафальгар алаңына жиналып билік енгізген шектеу шараларына қарсылықтарын білдірді.
Қазіргі уақытта індеттің қайта өршуіне байланысты карантиннің жаңа талаптары енгізілген. Ел тұрғындарының төрттен бір бөлігі карантинге жабылған.
Полиция наразылық білдірушілерді қашықтық шараларын сақтауға шақырды. Осыдан бір апта бұрын, Лондон орталығында өткен ереуіл кезінде тұрғындар полициямен төбелесіп, ондаған адам қамауға алынған болатын.