БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12,2 трлн тг асты. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы неден құралды :
– міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 11,9 трлн теңге
– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 294 млрд теңге
– ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 2 млрд теңгеден асты.
Жыл басынан бергі төлемдер 117,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде:
– зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 39,5 млрд теңге, – ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 23,3 млрд теңге,
– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 31,5 млрд теңге,
– мұрагерлерге – 19,8 млрд теңге,
– жерлеуге – 2,4 млрд теңге берілген.