Ұлттық Банк теңгенің не себепті құнсызданғанын түсіндірді
Әлемдік нарықта доллардың нығаюы ұлттық валютаны біршама құнсыздандырды. Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы мұнай бағасының айтарлықтай өзгермегеніне қарамастан, өткен аптадағы 426,60 деңгейімен салыстырғанда 28 қыркүйектегі сауда-саттықта 0,38%-ға әлсіреп, 428,20 теңгені құрады. Бұлл туралы Ұлттық банк монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов айтып өтті.
Сонымен қатар спикер АҚШ долларының индексі коронавирустың екінші рет қайталануына байланысты алаңдаушылық күшейіп, сондай-ақ алдағы уақыттағы АҚШ президет сайлауына байланысты негізгі әлемдік валюталар қоржынына қарсы нығайып, екі айдағы шарықтау шегіне жеттті деп пайымдайды. ХВҚ өкілдерінің айтуы бойынша, коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс ұзаққа созылып, кейбір елдердің экономикасына өсуге қайта оралу үшін жылдар қажет. Еуропада коронавирустың екінші толқынына қатысты үрей мен шектеу шараларын енгізуі де долларға қолдау көрсетеді.
«Сыртқы нарықтардың қысымын дамушы елдердің валюталары да сезінді. Түрік лирасы бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіштерді жаңартуды жалғастырса, Бразилия реалы мен Мексика песосы жұмада 0,9% әлсіреді, Оңтүстік Африка ранды доллармен салыстырғанда құнын 1,2%-ға жоғалтты. Ресей рублі өткен аптада бір доллар үшін сәуірдегі деңгейдің ең жоғары көрсеткіші – 78 рубль белгісінен асып, артта қалды. Мәскеу биржасындағы сауда-саттық 78,19 деңгейінде жабылып, жұма күні 1,35%-ға төмендегенін көрсетті», – деді ол.
Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша, доллар индексінің өсуі мұнай бағасының төмендеуіне себеп болды. Бейсенбі және жұма күндері сауда-саттықта мұнай бағасын белгілеу біршама қалпына келгеніне қарамастан, қара алтын бағасының апталық үрдісі теріс аймақта минус 2,9% болып қалып отыр. Сонымен қатар, мұнайға сұраныстың өсуі COVID-19 таралуы мен бірқатар елдерде шектеу шараларын енгізу аясында күмәнді болып қалуда.
Дамушы елдер валюталарының жалпы қозғалысы мен мұнайға сұраныстың өашан қалпына келетіні белгісіз болып тұрған шақта, теңге бағамы іргелі сыртқы факторлар серпініне сәйкес қалыптасады.