Украинаның экс президенті Петр Порошенко коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті. Бұл туралы bbc.com сайты хабарлады.
Оған екі жақты пневмония диагнозы қойылды. Порошенкомен бірге оның қызы да ауырып жатқанын экс-президенттің әйелі айтты.
«Бүгін менің күйеуім және қызым COVID-19 індетімен күресіп жатыр. Петр Алексеевич Киевтегі коронавируспен ауырған науқастарды емдейтін ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр. Менің күйеуім екі жақты пневмониямен ауырғанына қарамастан, ол өзінің ерік-жігерінің арқасында ауруды жеңеді деп сенемін. Ол емделудің белгіленген хаттамасын қатаң сақтайды», – деп жазды Марина Порошенко Facebook-те.