Жапондық сәнгер, Kenzo брендінің негізін қалаушы Кензо Такада коронавирустан қайтыс болды, деп жазды РИА Новости.
«Кензо Такада жексенбіде Нёйи-сюр-Сейндегі американдық клиникада COVID-19 індетінен қайтыс болды», – деді сәнгердің өкілі.
Такада 1965 жылы Жапониядан Парижге қоныс аударып, 1970 жылы өзінің жеке брендін құрып, алғашқы бутигін ашқан еді.