Ресейде мамыр айынан бері алғаш рет бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 10 000 асты, – деп хабарлайды bbc.com сайты.
Соңғы бір тәулікте Ресейде 10 499 адамнан COVID-19 анықталған, 107 науқас қайтыс болған. Ал 3 284 адам аурудан жазылған. Індет жұқтырғандардың ең көбі Мәскеу қаласында тіркелді. Ол 3327 (бұл мамыр айының ортасынан бастап санағанда), Санкт-Петербург – 392 және Мәскеу облысында – 296 жетті.
Ресейде 1 215 001 адам коронавирус жұқтырды.