Мәскеуде коронавирусқа байланысты шектеу шаралары қабылданды
Жарияланды
Зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін жеңілдікпен жүру тоқтатылады
Мәскеу мэрі Сергей Собянин астаналық зейнеткерлер мен мектеп оқушыларының әлеуметтік карталарын тоқтатуға бұйрық берді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Коронавирусқа қатысты жағдай күн сайын күрделене түсуде. Ауруханаға жатқызылғандардың саны бүгінде мың адамнан асты. Өсу жалғасуда», – деп түсіндірді әкім.
Балалар 9-18 қазан аралығында карталарды қолдана алмайды. Ал зейнеткерлер мен созылмалы аурулары бар адамдар – 9-28 қазан аралығында жеңілдікпен жүре алмайды.