Қазақстандық компаниялар Қырғызстан экономикасына 1 млрд. доллардан астам инвестиция құйған

Жарияланды
Еліміз көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайына қатысты мәлімдемесі. Бұл туралы Қазастан Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреміз. 

Кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлеріне күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер көрсету фактілері ерекше алаңдатады.

Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.

Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз