Сот Зеленскийді украин тілінде сөйлесуге міндеттеді

Жарияланды
Украина азаматы мемлекет басшысын сотқа берді

Украина Жоғарғы Сотының Үлкен палатасы ел президенті Владимир Зеленскийді қызмет кезінде орыс тілінде емес, украин тілінде сөйлесуге міндеттеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Бұған дейін Украина азаматы мемлекет басшысына қарсы шағыммен сотқа жүгінген. Ол iForum-2019 интернет  форумы кезінде Зеленскийдің орыс тіліндегі жолдауын заңсыз деп тануды талап  етті.

Украина азаматы сонымен қатар, көшбасшыны мемлекеттік емес тілді қолдануды доғаруды міндеттеуді сұрады. Жоғарғы Соттың құрамына кіретін Кассациялық сот талап қоюшының талабын қанағаттандырмады, бірақ ол апелляциялық шағым түсірді.

«Талапкердің апелляциялық шағымын қарап, Жоғарғы Соттың Үлкен палатасы Украина президенті қызмет кезінде мемлекеттік тілде сөйлесуге міндетті екенін көрсетті», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
 

Сондай-ақ оқыңыз