Атамбаев жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды

Жарияланды
Жедел- тергеу тобы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауда

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алмазбек Атамбаевты, Қанат Сағымбаевты және Дамир Мусакеевті ұстады. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

Олар Бішкекте жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс аясында тергеу бұйрығының негізінде ұсталған.

   «Қазіргі уақытта ведомствоаралық жедел-тергеу тобы осы қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтауда. Әрі қамауға алуға бағытталған іс-шаралар жалғасады», – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
 

Сондай-ақ оқыңыз