Жаңалықтар

ДДСҰ бір апта ішінде коронавирустық инфекцияның рекордтық өсімі туралы хабарлады

Ең ауыр эпидемиялық жағдай Америкада байқалады

Соңғы аптада әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 2,2 миллионнан асты, бұл пандемия басталғаннан кейінгі жеті күндегі ең жоғары көрсеткіш. Қаза тапқандар саны 39 мыңнан асты. Бұл туралы дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) хабарлады. Бұл жайлы ТАСС агенттігі  мәлімдеді.

 «5 қазаннан бастап ДДҰ-ның алты аймағынан 2,2 миллионнан астам жаңа жағдай және 39 000 COVID-19 өлімі тіркелді. Бұл бір аптаның ішінде тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш», – деп түсіндірді ДДҰ.
Коронавирустық инфекцияның ресми расталған жағдайларының саны 11 қазанға 37 109 851-ге жетті, ал қайтыс болғандардың саны – 1 070 355.

Ең ауыр эпидемиялық жағдай Америкада байқалады. Жалпы алғанда, бұл аймақта 5-11 қазан аралығында 804 мыңнан астам адам инфекцияны жұқтырды, ал жұқтырғандардың жалпы саны 17,79 миллионнан асты. Жеті күн ішінде 20 мыңнан астам өлім тіркелді, ал 11 қазандағы жағдай бойынша өлгендердің жалпы саны 588 мыңнан асты.

Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында бір апта ішінде 575 мыңнан астам адам инфекцияны жұқтырды, олардың жалпы саны 7,9 миллионнан асты.Қайтыс болғандар саны 126 мыңнан асты, бұл бір апта бұрынғыдан 7,75 мыңға көп.

Еуропада аурудың алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда ең үлкен өсімі тіркелді (34%). Вирусты жұқтырғандар саны 694 мыңнан асып, 6,92 миллионға жетті. Апта ішінде 6,1 мыңнан астам адам қайтыс болды, ал өлімнің жалпы саны 246 мыңнан асты.

Үндістанда жұқтырған адамдар саны жеті күнде 504 мыңнан астам, АҚШ-та – 327 мыңнан астам, Бразилияда – 175 мыңнан астамөсті.  Франция екінші орында (110 мыңнан астам), үшінші орында – Ресей (83,5 мыңнан астам), төртіншіде – Испания (50 мыңнан астам), бесіншіде – Нидерланды (36 мыңнан астам).

 Аптасына қайтыс болғандар саны бойынша Үндістанда – 6,5 мыңнан астам адам көз жұмды. Одан кейін Мексика (5 мыңнан астам), АҚШ (4,8 мыңнан астам) және Бразилия (4,2 мыңнан астам).